Жыл соңына дейін қазақ тілінде бірқатар анимациялық фильм жарыққа шығады

22 Jun 2018 01:18 0
143
0 1

Елорданың 20 жылдық мерейтойы шеңберінде 100-ден аса халықаралық іс-шара өтеді.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы халықпен есепті кездесуінде осылай деді. Мәселен, «Қалалар шеруі» жобасы аясында Париж, Лондон, Берлин, Сингапур сынды әлемнің ең көрікті 20 шаһарынан келген өнер ұжымдары өздерінің экспозицияларын таныстырса, 3 күннен кейін халықаралық балет фестивалі өз шымылдығын ашады. Оған Испания, Германия, Португалия мен Қытай және Ресей сынды мемлекеттерден келген танымал балет ұжымдары қатысады. Ал 25 шілдеден бастап, 2 ай аралығында Пабло Пикассо еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ Еуразия халықаралық кинофестивалі да өз жұмысын бастайды. Бұл ретте министр жыл соңына дейін «Балуан Шолақ», «Әруақ» фильмдері мен «Күлтегін» және «Мұзбалақ» анимациялық туындылары жарыққа шығатынын айтты.

Related of "Жыл соңына дейін қазақ тілінде бірқатар анимациялық фильм жарыққа шығады" Videos