Қызылорда облысында есірткі тасымалдаушылар ұсталды

18 Oct 2017 00:55 5
17,782
35 9

Қызылордалық полицейлер есірткі тасымалдаған екі күдіктіні ұстады.

Олар мінген көлікте 9 келіден астам марихуана табылды. Алматыдан Ақтөбеге бағыт алған жеңіл көлік «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолының «Арал-Шеп» бекетінде тексерілген. Қызметтік иісшіл иттің көмегімен есірткі табылды. Қазір қылмысқа қатысы бар 49 және 46 жастағы Алматы қаласының тұрғындары Арал аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде осы сипаттағы 437 қылмыс тіркеліп, 41 тонна есірткі тәркіленген.

Барлық жаңалықтар: http://24.kz/kz/zha-aly-tar
Twitter https://twitter.com/tvkhabar24
Facebook https://www.facebook.com/tvkhabar24/
Вконтакте https://vk.com/tvkhabar24

Related of "Қызылорда облысында есірткі тасымалдаушылар ұсталды" Videos

Қызылорда атыс 27.03.2018

Нико Буркитбаев 406,724

Без предел ГАИ кызылорда

Абдукалык Тилеукулов 263,325