Қырғыз елінен әкелінген көкөністің сапасы сын көтермейді

Биыл жыл басынан бері импорттық өнімдерге жүргізілген фитосанитарлық сараптамадан соң, елімізде 940-тан астам карантиндік жағдай тіркелген.

Соның ішінде, Қырғызстан елінен келген 9 түрлі өнім тұтынуға жарамсыз болып шықты. Көршілес елден әкелінген көкөніс, жеміс-жидектің сапасы сын көтермейтіндігі анықталып отыр. Республикалық карантин орталығы басшысының орынбасары Бауыржан Қалиевтің айтуынша, Қырғызстаннан тасымалданған бақша өнімдерінен өсімдік зиянкестерінің бірнеше түрі анықталған. Бұл отандық бау-бақша шаруашылығымен айналысатын бағбандардың шаруасына кері әсерін тигізуі мүмкін. «Әрі еліміздің экспорттық потенциалына да айтарлықтай шығын әкеледі», – дейді мамандар.

Барлық жаңалықтар: http://24.kz/kz/zha-aly-tar
Twitter https://twitter.com/tvkhabar24
Facebook https://www.facebook.com/tvkhabar24/
Вконтакте https://vk.com/tvkhabar24

Related of "Қырғыз елінен әкелінген көкөністің сапасы сын көтермейді" Videos

Хабар 24 LIVE

Телеканал Хабар 24 4,186

Әйелдер колониясы

Замана - фильм 370,189