Ауғанстан елінде лаңкестіктен ажал құшқандардың саны артты

Ауғанстанда бір күн ішінде жасалған бірнеше шабуыл кезінде қаза тапқандардың саны көбейді.

Соңғы мәлімет бойынша, 71 адам ажал құшқан. Ал жарақат алғандандардың саны 170-тен асады. Айта кеткен жөн, кеше Ауғанстанның Пәкістанмен арадағы шекарасында орналасқан Пактия провинциясында жарылғыш қойылған қос көліктің күлі көкке ұшқан. Оқыс оқиға полиция басқармасының жанында болды. Сондықтан ажал құшқандардың дені – тәртіп сақшылары. Артынша елдің оңтүстігі мен батысында да полицейлерге шабуылдар жасалған. Қастандық әрекеттердің барлығын «Талибан» қозғалысы мойнына алды.

Барлық жаңалықтар: http://24.kz/kz/zha-aly-tar
Twitter https://twitter.com/tvkhabar24
Facebook https://www.facebook.com/tvkhabar24/
Вконтакте https://vk.com/tvkhabar24

Related of "Ауғанстан елінде лаңкестіктен ажал құшқандардың саны артты" Videos